"City Transportation Systems" жаңа мешітке қоғамдық автобус қатынайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Құрметті №43 бағдар жолаушылары! Ертең, 27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 бағдардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді бағдар Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар", – деп жазылған хабарламада.
Жаңа "алып" мешіттің ашылғанын бұған дейін хабарлаған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу