Астанадағы жәрмеңкеге СҚО шаруалары мың тоннадан астам азық-түлік әкеледі

578

Қызылжарлық шаруалар өздері өндіретін өнімнің барлық түрін – ет, жұмыртқа, сүт өнімдерін, көкөніс, балық, бал, макарон өнімдерін әкеледі.

Астанадағы жәрмеңкеге СҚО шаруалары мың тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында 8-9 қазан күндері Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Астанада өтетін республикалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өңірдің барлық 13 ауданы және Петропавлдың кәсіпкерлері қатысады.

Жәрмеңге 8-9 қазан күндері Тұран даңғылы, 48 мекенжайы бойынша "Астана Арена" спорт кешенінің жанындағы алаңда таңғы сағат 8.00-де басталып, кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады. 

"Республикалық жәрмеңкеге мың тоннадан астам азық-түлік апарамыз. Бәрі табиғи, өзімізде шығарылатын таза өнім. Дайындық жұмыстарын жүргіздік. Бізбен бірге Ақтөбе облысының кәсіпкерлері де өз өнімдерін астана тұрғындары мен қонақтарына ұсынады. Бұл жолы да сұраныс жоғары болады деп ойлаймыз", – дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев. 

Өткен демалыс күндері өз өнімдерін астаналықтарға Шығыс Қазақстан және Абай облыстары ұсынған еді. 

Мұндай ауқымды жәрмеңке Петропавлда да өтпек. Ол 15 қазанға жоспарланған. Ерекшелігі – азық-түліктен басқа жемазық, шөп және сабан сатылатын болады. Бағасы әдеттегідей нарықтағыдан 10-15%-ға арзанға ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу