Елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды

1010

Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды

23 наурызда сағат 14:30-да ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан қ.-Петропавловск қ." (Нұр-Сұлтан қ. – Щучинск қ.) тас жолының 18-231 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 12:30-дан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, шектеулі көріну) "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) жолының 19-180 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

Сағат 12:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) "Нұр-Сұлтан-Павлодар" республикалық маңызы бар тас жолының 16-200 шақырымы аралығында (Нұр-Сұлтан қ.– Ерейментау қ.-Шідерті кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сағат 10:45-тен бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) "Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай Батыр а. – Киевка кенті. – Теміртау қаласы" 16-51 шақырымы аралығы (Нұр-Сұлтан қ. – Қарағанды облысының шекарасы) тас жолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу