Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді

175

Бұл туралы Тәжікстан Республикасы басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді Фото: Ақорда

Елордада ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия канцлерімен "5+1" форматында кездесуіне қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана халықаралық әуежайында Рахмонды Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Бүгін Астанада Орталық Азия-Германия саммиті Қазақстан өтеді.

Бұған дейін елордаға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев бүгін, 17 қыркүйекте Орталық Азия мемлекеттері басшылары және Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келгенін еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу