Елордалық көлік жүргізушілер бюджетке 2,1 млрд теңге қарыз

394

20-дан аса көлік айып тұрағына қойылды.

Елордалық көлік жүргізушілер бюджетке 2,1 млрд теңге қарыз Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша "Борышкер" жедел-алдын алу іс - шарасы өткізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бүгінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге жеткен.

Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 97 млн теңге өндірілді.

"Іс-шараларды өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қамалды", деді ведомстводан.

Алдағы уақытта іс-шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.

Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу