Елордалық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

280

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 6 қаңтар күні Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордалық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады Фото: Тұрар Қазанғапов

Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
  • балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;
  • үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан материалдар құлап кетуі мүмкін;
  • қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
  • қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
  • жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

"Ең бастысы – аяқ киімнің табаны қалың, таймайтын, ал өкшесі төмен болуы қажет.
Қауіпті аймақтарды байқасаңыз, асықпай айналып өтіңіз.
Көктайғақ кезінде ауыр заттарды алып жүрмеген жөн.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласыңыздар", – дейді құтқарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу