Елордалық оқушыларға 34,5 мың компьютер сатып алынады

627

Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді.

Елордалық оқушыларға 34,5 мың компьютер сатып алынады

Елордалық аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді. Яғни, қамтылуы 34,5 мың балаға дейін жетеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.

"Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30% - ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды қыркүйекте  компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз, 7 мың бала "Мектепке жол" акциясымен қамтылады және т. б. Сондай-ақ, балабақшалардағы кезекші топтардың жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу