Елордалық өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарды

1035

Өрт сөндіруге ТЖД-ның 4 техника бірлігі мен 17 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 

Елордалық өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарды

Түнгі сағат 00.22-де 101 пультіне Майлин көшесі, 4 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

Жедел жөнелтілген өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттың ішінде, яғни сағат 00.26-де жеткен. Онда оттың 2 қабатты "Good bar" түнгі клубының электросымынан шыққаны анықталған. 0,5 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Абырой болғанда өрт сөндірушілер келгенге дейін 190 адам қауіпсіз аумаққа шығып үлгерген. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында 8 адам құтқарылған.

Тілсіз жау сағат 00.34-те толықтай ауыздықталған. Алдын ала болжам бойынша өрт элктосымның қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.

Айта кетсек, қызыл жалынды өшіруге ТЖД-ның 4 техника бірлігі мен 17 өрт сөндіруші жұмылдырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу