Семейде автожуу ғимаратынан өрт шығып, екі үйге тарады

375

​Семей қаласының Солтүстік ауданында орналасқан Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимараты өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Семейде автожуу ғимаратынан өрт шығып, екі үйге тарады Фото: бейнежазбадан

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткенге дейін нысан аумағындағы газгольдер жарылған. Кейін жалын жүк көлігіне және маңайдағы екі жеке тұрғын үйге тараған.

Қазір өрттің нақты аумағы анықталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт сөндіру оқпаны іске қосылған. Жұмысты үйлестіру үшін оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу