Елордалық теміржолшылардың өтініші орындала ма?

524

Нұр-Сұлтан-1 станциясының басшылығы елорда әкімдігіне автомобиль көпірін, автомобиль көлігінің жолайрығын және Лесозавод ауданында жол өтпесін салуды сұраған. 

Елордалық теміржолшылардың өтініші орындала ма?

Қазіргі уақытта маневрлік жұмыстың және жүк пен жолаушылар пойыздарының Атбасар және Көкшетау станциялары бағытында және кері қозғалысы көлемінің ауқымдылығына байланысты станцияның жұп паркінде (локомотив депосынан Өндіріс тұрғын массивіне дейін) құрамдар жолдарда ұзақ уақыт тұрып қалады. Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың  денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, жолдан өту үшін вагондар астына түсіп жатады.

Екі жаяу жүргінші көпірі бар: вокзал аумағында және Аспара көшесінің басында. Станцияда жолды кесіп өту ережелерін сақтау керектігі туралы үнемі хабарланады. Машинистер қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тежегіштерді жедел қолдануға мәжбүр.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы себептерден Нұр-Сұлтан-1 станциясының басшылығы елорда әкімдігіне автомобиль көпірін, автомобиль көлігінің жолайрығын және Лесозавод ауданында жол өтпесін салуды сұраған. Өтпе салынса автомобиль және қоғамдық көліктің көбірек ағынын ілгерілету үшін жағдайлар жасалады, теміржол арқылы өту кезінде жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өткелдегі ЖКО жағдайлары азаяды.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы шағын айналма жолдың төртінші учаскесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде деп жауап берді. Бұл жобаны іске асыру Өндіріс тұрғын алабы ауданындағы теміржол өткеліндегі кептелістер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Алайда құрылыс тек 2023 жылдан кейін жоспарланған, қаржыландыру жер учаскесі толық босатылған жағдайда ғана бөлінеді. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу