Елорданың көмірге сұранысы қандай?

573

2022 жылғы жылыту маусымында Нұр-Сұлтанға қажет көмірдің жалпы көлемі 464 мың тоннаны құрайды. 

Елорданың көмірге сұранысы қандай?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустриялық даму комитеті Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз жылыту маусымының басында барлық өңірдің көмірге қажеттілігі жоспарын әзірледік. Бұл мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан бойынша 464 мың тоннаны құрап отыр. Бүгінгі таңда 25 мың тоннадан астам көмір әкелінді. Сондықтан осы жылыту маусымының үш айына қатысты жоспарлы режимде жұмыс жүріп жатыр. Жалпы жылдық жоспарға қатысты көрсеткіштер бар болғаны 5,4 пайызды құрайды", – деді Жанат Игісінов.

Осыған дейін елімізде жыл сайын 110 млн тонна шамасында көмір өндірілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу