Астана қаласының білім басқармасы "Әділет" педагогика еңбеккерлерінің кәсіподағымен бірлесіп Отбасы күні, Еңбек және Ұстаздар күні аясында елорданың үздік 20 ұстазын марапаттады. Оның ішінде өтілі 100 жылдан асатын еңбек әулеттері, сонымен қатар жас мамандар мен тәлімгерлер бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шара барысында Астана қаласының білім басқармасы басшысы Әнуар Жанғозин еңбек өтілі 100 жылдан асатын жанұяларды құттықтады. Олардың ішінде Гүлбарша Бүркітбайқызы (әулеттің жалпы өтілі 341 жыл), Ділбар Бойтемір (327 жыл), Бейбіткүл Саирова (282 жыл), Сымбат Омарова (230 жыл), Данагүл Сағынтай (200 жыл), Қамар Өтегенова (170 жыл) және Айтолқын Тоқтаған (108 жыл).
Мұғалімдерге Құрмет грамотасымен бірге 100 мың теңге сомасында "Мечта" дүкенінен зат алуға сертификаттар табысталды.
Шара барысында тәжірибесі 20 жылдан асатын ұстаздар марапатталды. Ұстаздарға грамоталар мен "Мечта" дүкеніне 70 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Елордалық білім басқармасының басшысы жас мамандарды да назардан тыс қалдырмады. Әнуар Жанғозин тәжірибе жинақтап үлгерген мұғалімдерді марапаттады.