Елтаңбаны өзгертуге қанша уақыт кетеді?

461

Қоғам ішінде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.

Елтаңбаны өзгертуге қанша уақыт кетеді? Фото: adilet-gazeti.kz

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Елтаңбаны өзгерту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер спикерден Елтаңбаны өзгерту процесі қанша уақыт алатынын сұрады.

"Әділет министрлігі Елтаңбаны өзгертумен тікелей айналыспайды. Бұл Елтаңбаның өзгеру-өзгермеуінің өзі екіталай. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты ортаға тастады. Енді бұл қоғам тарапынан қалай қабылданады – сол жағы ескерілетін болады. Ел азаматтарының басым көпшілігі Елтаңбаны өзгерту қажет деп табатын болса, бұл қоғамдық талқылаудан кейін барып мемлекеттік органдарда қаралатын мәселе. Дәл қазір Елтаңба өзгереді, бұл осыншама уақыт алады деп айту орынсыз", - деді Талғат Уәли министрліктің баспасөз конференциясында.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанның Елтаңбасы өзгеруі мүмкін екенін жазған болатынбыз. Қаржы министрі Мәди Такиев Елтаңбаны өзгертуге қатысты біржақты шешім әлі қабылданбағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу