"Ең дұрыс шешім болар еді": Трамп Хуангты Nvidia-ға қайтаруға шақырды

779

Бір аптадан соң Хуанг АҚШ Өкілдер палатасының үш комитетіне жабық есік жағдайында түсініктеме береді.

"Ең дұрыс шешім болар еді": Трамп Хуангты Nvidia-ға қайтаруға шақырды Фото: AP Photo

АҚШ президенті Дональд Трамп Nvidia директорлар кеңесін Дженсен Хуангты бас директор лауазымына тағайындауға қайта шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты қайтадан жұмысқа алады деп үміттенемін. Бұл компания үшін де, АҚШ үшін де ең дұрыс шешім болар еді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. 

Nvidia компаниясы 12 қарашада Дженсен Хуангтың отставкаға кеткенін хабарлады. Ол компания президенті қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бұған оның жеке өміріне қатысты мәліметтер, соның ішінде АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлауының агенті деп есептейтін қытайлық кәсіпкер Элис Хуангпен байланысы туралы БАҚ-та жарияланған ақпараттар түрткі болды.

Хуангтың өзі директорлар кеңесі мұны акционерлердің, қызметкерлердің, компанияның және АҚШ-тың мүддесіне сай деп шешсе, қызметіне қайта оралуға дайын екенін мәлімдеді. 

Айта кету керек, бұған дейін даудан кейін қызметінен кеткен Дженсен Хуанг күтпеген мәлімдеме жасағанын жазғанбыз. Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу