"Арманым – өз аяғыммен жүру": Бетперделі жігіт сал ауруымен ауыратын ерлі-зайыптыларға баспана сыйлады

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.  

"Арманым – өз аяғыммен жүру": Бетперделі жігіт сал ауруымен ауыратын ерлі-зайыптыларға баспана сыйлады Фото: Inbusiness.kz коллажы

Қайырымды жан олардың еміне де ақша берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерсұлтан мен оның жұбайы – қаншама қиындыққа қарамастан ешкімге қол жаймай, адал еңбектерімен күн көріп жүрген жандар. Олар жеткізу қызметінде жұмыс істейді, тұрмыс жағдайын жақсарту үшін осындай қадамға баруға мәжбүр. Десе де, осыған дейін отбасының баспанасы болмай, жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп-қонып өмір сүріп келеді.

Ерсұлтан – 5 жасында балалар үйін паналап, тағдыр теперішін көп көрген қайсар ер-азамат. Оның ең үлкен арманы – өздігінен еркін жүріп-тұру, дені сау бала сүйіп, қарапайым отбасылық бақытқа қол жеткізу.

Отбасының тағдырына бейжай қарамаған "маскалы жігіт" олардың өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған. Қайырымды жан ерлі-зайыптыларға пәтердің кілтін табыстап қана қоймай, Ерсұлтанның денсаулығын жақсартуға арналған медициналық оңалту курсының шығындарын да толық өз мойнына алды.

Екі апта бұрын ғана "маскалы жігіт" "Қарындасым жазылса, менің басқа арманым жоқ" деген кішкентай Полаттың арманын орындап, отбасына баспана сыйлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу