Бүгінде ұландықтар елдегі күрделі жағдайға байланысты күн-түн демей халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресіп жатыр. Осы орайда, барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.
– Қазіргі таңда ұландықтардың атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деді Димаш Құдайберген.
Естеріңізге сала кетсек, халықтың қалаулысы Димаш та игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.