Еңбекақы төлеуде теңсіздікке жол берген компаниялар жазаланады

1202

Бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев та еңбек нарығында отандық мамандарға басымдық беру керектігін ескертті.  

Еңбекақы төлеуде теңсіздікке жол берген компаниялар жазаланады

Былтыр шетелдік мамандарды жұмысқа тартатын 30-ға жуық кәсіпорында  көші-қон заңнамасын бұзудың 1000-нан астам дерегі тіркелді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бас прокуратураның тектерісі барысында белгілі болды. Министр Біржан Нұрымбеттың айтуынша 27 компания еңбекақы төлеуде 470 рет теңсіздікке жол берген. Осылайша тексеру нәтижесі бойынша 397 әкімшілік іс қозғалды. Заңды бұзғандарға 100 млн теңге айыппұл салынған және берілген 703 рұқсатнама кері қайтарлылыпты.  507 шетелдік маман елден тысқары шығарылған. Олардың 250-і – Қытай, 43-і – Ұлыбритания, 40-ы – Албания және тағы басқа елдердің  азаматтары екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу