Еңбеккерлер пойызы елордаға келді

797

Еңбеккерлер пойызы елордаға келді

ERG – Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындардың мыңдаған қызметкері корпоративтік оқытуға қатысып, Астана ЭКСПО-2017 көрмесін араламақ, деп хабарлайды egemen.kz.

"Қазхром" ТҰК" АҚ-ның 500 қызметкері мінген алғашқы жолаушылар пойы­зы елорда вокзалына келіп жетті. Олар "Қазіргі жағдайда кәсіпорындарды орнықты дамыту жүйесі" тақырыбында дәріс тыңдап, белгілі бизнес-тренерлер – Надежда Зубова мен Ильдар Валиуллиндермен бірге Еуразиялық топ кәсіпорындары жұмысының соңғы жылдардағы нәтижелерін сараптайды. Сонымен қатар, туындаған қатерлер мен түйткілдерді талқылап, келешектегі дамыту бағыттарын сөз етеді. Интерактивті формада жүргізілетін шарада әр қатысушы Еуразиялық топтың келешегін айқындауға қатыса алады.

"Командалық жаз-2017" бағ­дар­ламасы аясындағы шаралар тек оқытумен шектелмей, ЭКСПО-2017 көрмесін аралауды да қамтиды. Өйткені, елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев көр­мені бірінші кезекте еліміз­дің әр түкпірінен келетін отан­дас­тарымыз тамашалауы керек­тігін баса айтқан.

"Алдағы үш ай ішінде әріптестерімнің Аста­наға келіп, халықаралық жиын­ның куәсі бола алатыны ерекше қуантады. Олар мұнда әлемдегі озық шешімдермен, тың инновациялармен танысады. Компания қызметкерлерді ісса­пар­ға жіберу, жатын орны мен тамақтануын, көрмедегі өзге де шығындарды мойнына алды. Өйткені, адамдар – біздің басты активіміз. Еуразиялық топ оларды жан-жақты дамуға, еліміздің өміріне белсенді араласуға барын­ша ынталандырады", - дейді топтың персонал және әлеу­мет­тік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Ирина Дәулетбақова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу