Енді "Айбын" орденінің 3 дәрежесі Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталады

326

Қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Енді "Айбын" орденінің 3 дәрежесі Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталады Фото: Ақорда

Сенат Мәжіліс қабылдаған "ҚР мемлекеттік наградалары туралы" заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Руслан Рүстемовтің сөзінше, қаралып отырған заң мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған. 

"Бұл дегеніміз тарихи әділеттілікті орнатып, айбынды жауынгерлеріміздің ерлігін еске алуға негіз болды. Бұл қаһарман аталарымызды жақсы білесіздер. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" ордені. Сағадат Қожахметұлы бірінші "Халық Қаһарманы" атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы. Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" ордені. Бауыржан Момышұлы – Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Ұлы Отан соғысына генерал-майор Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты, батальон командирі ретінде Москва үшін шайқаста бірнеше рет ұрысқа кіріп, шешуші күшті атқарды", - деді ол.

Бұдан бөлек "Айбын" орденінің үшінші дәрежесіне Рахымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделіп отыр.

"Рақымжан Қошқарбаев тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. 1945 жылдың 30 сәуірінде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа  Кеңес одағының туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды", - деп қорытындылады Сенат депутаты. 

Айта кету керек, осыған дейін "Айбын" орденінің дәрежелеріне үш батырдың есімі берілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу