Енді қазақстандық абоненттерден түсетін қоңырау кезінде ел атауы дұрыс көрсетіледі

1562

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Apple компаниясымен бірлесіп, қазақстандық абоненттерден түсетін қоңырау кезінде ел атауын дұрыс көрсету мәселесінің шешімін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді қазақстандық абоненттерден түсетін қоңырау кезінде ел атауы дұрыс көрсетіледі

Енді +77 және +76 халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі. Осыған дейін ол "Ресей Федерациясы" деген жазу шығатын. 

Компания iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдар үшін бұл проблеманы реттеді. Енді қазақстандық абоненттерді терген кезде елдің атауы дұрыс көрсетіледі.

"Apple компаниясымен бірге қазақстандықтарды біраздан бері алаңдатқан мәселені пысықтадық. Компания өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытты. Нәтижесінде, қазақстандықтардың көкейінде жүрген бір мәселе шешілді. Оның үстіне әлемдік технологиялық лидермен ынтымақтастығымыз нығая түсті", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу