Енді қазақстандықтар оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатыса алады

303

Қоғамдық талқылауға оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. 

Енді қазақстандықтар оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатыса алады Фото: Үкімет

Биыл ақпанның 12-сінен бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына сілтеме жасап.

Talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады.

Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:

3-сынып үшін "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);

3,9-11 сыныптар үшін "Неміс тілі";

5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;

3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.

Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және "түсініктеме қосу" тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу