Енді мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүргізілмек

547

2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің "Б" корпусына жұмысқа орналасу үшін іріктеу онлайн форматта жүргізіледі.  

Енді мемлекеттік қызметке іріктеу онлайн жүргізілмек Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз "Е-қызмет" жүйесін модернизацияладық, оның сыртқы порталын аштық. Қазіргі кезде бұл жүйе 5 мемлекеттік органда пилоттық негізде жұмыс істеп тұр. Яғни, бүгінде мемлекеттік қызметтің "Б" корпусына жұмысқа орналасу онлайн түрде болады. Егер биыл "Е-қызмет" сынақтан жақсы өтетін болса, онда 2024 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметке кіремін деген Қазақстан азаматтары онлайн өтеді. Қазір көп мәселе конкурстық комиссияның шешіміне байланысты болып отыр. Сондықтан біз осы жүйені толық енгізіп, 2025 жылы конкурстық комиссия болмайтындай етіп жасаймыз", – деді агенттік төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу