Жақын арада көлік жүргізгісі келетіндерге ауыр соққы

11407

Көлік тізгіндегісі келетін қазақстандықтар арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан өтуі тиіс. 

Жақын арада көлік жүргізгісі келетіндерге ауыр соққы Фото: Мир 24 / Дмитрий Белицкий

Мәжіліс  "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Екатерина Смышляева бұл заң жобаларына Парламент депутаттары бастамашылық еткенін, құжаттар 2024 жылғы 17 сәуірде бірінші оқылымда мақұлданғанын еске салды.

"Заң жобаларымен жұмыс жасау барысында Мәжілісте келесі нақтылаулар енгізілді. Мопедтерді мемлекеттік тіркеу заң қабылданған соң 6 айдан кейін басталады, жүргізушіде А, В, С санатындағы куәліктері болған жағдайда мопедтерді жүргізуге бағытталған "А1" санаты автоматты түрде беріледі. Қозғалтқышы бар велосипед ұғымы нақтыланады, қозғалтқышы бар велосипедті жаяу жүруге арналған жолдар мен тротуарларда жүргізуге тыйым салынады және көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізетін ұйымдарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Олардың жұмысын беру тәртібі арқылы реттеу енгізіледі, көлік құралының габариттері мен салмағы бөлігінде жолдардағы цифрлық жүйелермен бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі өзгеруде", - деді Мәжіліс депутаты.

Сөзінше, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне, көлік жүргізушілерін оқытуға бірқатар қосымша талаптар енгізіледі.

Бұдан бөлек енді жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзушылар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Бүгінде мұндай көлік жүргізушілері әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады.

Сонымен қатар "Жол жүрісі туралы" заңда көлік жүргізушілерін оқытуға қатысты түсіндірмелер енгізіліп отыр. Енді оларды оқыту арнайы білім беру ұйымдарында ғана жүзеге асырылатын болады, яғни өз бетінше оқыту алынып тасталады.

Айта кетейік, осыған дейін мопед тізгіндегендер жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу