Энергетика министрі коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсайтынын айтты

142

Ведомство басшысы жалақысын атады.

Энергетика министрі коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсайтынын айтты Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын коммуналдық төлемдерге қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Сіз ай сайын коммуналдық төлемге қанша ақша жұмсайсыз?" деп сұрады.

"Мен ай сайын коммуналдық қызметке шамамен 70-75 мың теңге төлеймін. Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде тұрамын. Бұл соманың ішіне интернет пен паркинг ақысы кірмейді. Мен бір паркинг орнын жалға аламын. Жалақым шамамен – 1,2 млн теңге", – деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кету керек, бұған дейін елімізде жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқанын жазғанбыз. 

Қыста электр энергиясын тұтыну көрсеткіші өткен жылдан 3 пайызға артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу