Энергетика министрлігі Қашағаннан 2017 жылы 9 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді

909

Энергетика министрлігі Қашағаннан 2017 жылы 9 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді көздейді

Атырауға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кен орнының ресми ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Қашаған – әлемдегі ірі және еліміздегі тұңғыш теңіз кен орны.

"2016 жылы 1 қарашада Қашағандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 75 мың баррельден асып, коммерциялық деңгейге шықты. Қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатында тәулігіне 180 мың баррель деңгейін тұрақтандыру жұмыстары жүруде. Биылғы жылдың соңына дейін 1 миллион тонна мұнай мен 680 миллион текше метр газ, 2017 жылы – 8,9 млн тонна мұнай мен  5,6 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланған. Одан кейінгі жылдары мұнай өндірісін 13 миллион тоннаға және газ өндірісін 9 млрд. текше метрге дейін көбейту жоспарда бар", – деп баяндады Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу