Нақты мәнде күрделі салымдар бір жылда 2,7%-ға қысқарған.
Инвестицияның ең көп көлемі Жамбыл облысына тиесілі (11,8 млрд теңге, құндық мәнде жылдық өсім – 3,2 есе). Кейін тізімде инвестиция көлемі бойынша Қарағанды (10,7 млрд теңге, өсім 2,5 есе) және Түркістан (8 млрд теңге, минус 53,1%) облыстары тұр.
Сектордағы күрделі салымдардың ең аз сомасы Солтүстік Қазақстан облысында: барлығы 637,5 млн теңге, бір жылдағы өсім – 7,8 есе.
Энергия және жылумен жабдықтау саласындағы барлық күрделі салымның үштен бірінен астамы кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып саналады (26,2 млрд теңге, былтырмен салыстырғанда 2,7%-ға аз).
Жергілікті бюджеттен 17,8 млрд теңге, республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Банктік емес қарыз қаражаты есебінен инвестиция бірден 4,2 есеге, 15,3 млрд теңгеге дейін өсті, ал банк кредиттері есебінен керісінше 80,8%, 3,5 млрд теңгеге дейін азайды.
Биыл бірінші тоқсанда 2 күн электр станциясы, сондай-ақ кернеуі 6-20 кВ (жалпы ұзындығы 11,3 шақырым) болатын 4 электр желісі, кернеуі 220 кВ және одан жоғары (70 шақырым) 1 электр желісі және кернеуі 0,4 кВ (43,5 км) болатын тағы бір электр желісі пайдалануға берілді.