ЕО Ресейді Украина шекарасындағы әскерін қайтаруға үндеді

990

Түркия Ресей мен Украина арасындағы Донбасс дағдарысы уақытында ешқандай тарапты қолдамайтынын білдірген еді.

ЕО Ресейді Украина шекарасындағы әскерін қайтаруға үндеді

Еуропалық одақ Ресей мен Украина шекарасындағы жағдай өте қауіпті деп санайды және осы орайда Мәскеуді ол жерден әскерін шығаруға үндеп отыр. Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Біз Украина шекарасындағы жағдайды талқылаймыз.Ол жерге ресейлік әскерилер жіберілді. Бұл өте қауіпті жағдай...", – деді дипломат.

Түркия Ресей мен Украина арасындағы Донбасс дағдарысы уақытында ешқандай тарапты қолдамайтынын білдірген еді.Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкараның екі елмен де керемет қарым-қатынасты ұстанып отырғанын айтқан болатын

"Біз бұл дағдарыс кезінде Ресейді де, Украинаны да қолдамаймыз. Түркия Қара теңіздің әлем теңізі болғанын қалайды. Қазір Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс бұған кедергі келтіріп отыр", – деді дипломат.

Еске сала кетсек, Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу