ЕО Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылық танытып, диалог арқылы шиеленісті азайтуға шақырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
"ЕО және оның мүше елдері 22 сәуірде Кашмирде жасалған террористік актіні және бейбіт тұрғындардың өлімін айыптайды", – делінген құжатта.
Брюссель кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды. Мәлімдемеде ЕО аймақтағы шиеленістің артып келе жатқанын және құрбандар санының ықтимал өсуін үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырғаны атап өтілді.
"ЕО екі тарапты да сабырлық танытуға, шиеленіс деңгейін азайтуға және бейбіт тұрғындардың өмірін сақтау үшін зорлық-зомбылық әрекеттерден бас тартуға шақырады", – деді Еуропалық Одақ.
ЕО қос тарапппен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірген.
6 мамырда Үндістан Пәкістан мен оның бақылауындағы Кашмирдегі тоғыз нысанға зымыран соққыларын жасады. Үндістан бұл нысандарды террористік инфрақұрылым деп сипаттады. Пәкістан соққылардың салдарынан 26 адамның қаза тапқанын хабарлады.
Пәкістан 5 үнді әскери ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Үндістан бұл ақпаратты растамады. Екі ел арасындағы шиеленіс халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр.
Айта кету керек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.