Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – министр

638

Соңғы аптада СOVID-19 вирусын жұқтыру дерегі 4 мыңға төмендеген.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – министр Фото: Максим Морозов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады, эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуірдің соңы мен мамырдың басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус дерегінің анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Жалпы ауруға шалдығу 20%-ға төмендеп отыр", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына қатысты болжам жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу