Өскемен қаласында ер адам көршілерінің 5 минуттан артық оталып тұрған көлігін телефонына түсірген. Оның әрекетін басқа бір тұрғын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде тиісті видео пайда болды. Онда белгісіз ер адамның тұрғын үйдің кіреберісінде тұрып, оталып тұрған көлікті телефонға түсіріп тұрғаны бейнеленген.
"Міне, біздің блогер Андрей. Таңертең ерте тұрып алып, көлікті (видеоға) түсіріп тұр. "Мазда" кімдікі? Бұл машинаны 2 минуттай түсіріп тұр. Көліктің сигнал беру жүйесі жоқ сияқты", – деді тұрғындардың бірі.
Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты көлікті 5 минуттан артық қыздарғаны үшін айыппұл төлеу туралы норманы қайта қарауды ұсынғанын жазғанбыз.