Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтан қанша жалақы алатынын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қолға 1 миллион 900 мың аламын, бұл ақпарат барлық жерде бар", деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, өңір әкімі жалақы деңгейімен келіспейтін жұмысшылардың ереуілдері компания қызметкерлерінің пайдасына шешілетініне сендірді.
Еске сала кетсек, бұған дейін жалақысы ең төмен өңірлерді жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу