Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған лаңкестермен күрес жөніндегі АҚШ басқаратын коалицияны лаңкестік топтар мен Сирияда соғысып жатқан күрд жасақтарына қолдау жасап отыр деп айыптады, деп хабарлады сейсенбі күні батыстың ақпарат құралдары.
"Олар (коалиция – агенттік) бізді "Ислам мемлекетін" қолдады деп айыптады, ал енді өздері сондай "ИМ", сондай-ақ YPG және PYD (Сириядағы күрд жасақтары – агенттік) сияқты топтарды қолдап отыр. Бәрі де анық. Оған дәлел болатын фотосуреттер, бейнекадрлар бар", – деді ол Анкарада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу