Ердоған тікелей эфирде инфаркттан аман қалды - БАҚ

1517

Түркия президенті ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды деген хабар пайда болды.

Ердоған тікелей эфирде инфаркттан аман қалды - БАҚ Фото: CentralAsia.media

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбіде тікелей эфирде сұхбатты асқазан тұмауынан емес, микроинфаркт кесірінен тоқтатуға мәжбүр болған, дейді түрік БАҚ. Алайда түрік президентінің баспасөз қызметі мұндай ақпаратты жалған деп сендіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz БАҚ-қа сілтеме жасай отырып

Ердоған әкімшілігі жанындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы инфаркт туралы нұсқаны жоққа шығарды. Түркия вице-президенті Ердоғанның жағдайы "өте жақсы", оған бар болғаны суық тигенін айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жергілікті телеарналарға берген сұхбаты кенеттен үзіліп, кейін түрік көшбасшысы асқазан тұмауына байланысты өзін нашар сезінгені хабарланды.

Ауыр сайлау науқанын жүргізіп келе жатқан 69 жастағы президент сәрсенбі мен бейсенбіге жоспарланған шаралардың барлығын кейінге қалдырды.

Ердоған қазір мамыр айының ортасында өтетін президенттік сайлау қарсаңында ауыр науқан жүргізіп жатыр және оның жеңу мүмкіндігі оппозициялық альянстың кандидаты 74 жастағы Кемал Кылычдароғлымен теңбе-тең. Сәуір айында жүргізілген сауалнамалардың көпшілігі оппозиция жиырма жыл бойы Түркияны басқарған Ердоғаннан бірнеше пайыздық тармаққа озып кеткенін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу