Ердоған түрік халқы атынан Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

702

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті.

Ердоған түрік халқы атынан Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. 

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы кеше белгілі болған еді. Экс-Президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қашықтан жұмыс істеуде екенін хабарлады.

Фото: tccb.gov.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу