Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпби қажет екенін айтты

410

Осыған қатысты Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығына ұсыныстар да берілген көрінеді. 

Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпби қажет екенін айтты Фото: aqorda.kz

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпби қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің бірлігіміз үшін тіл, ортақ әліпби өте маңызды. Сонымен қатар, мемлекет басшыларының қолдауы да маңызға ие. Мұнда біздің жоғары білім кеңесіміз хатшылыққа арнайы ұсыныстар айтты. Бұл жоғары бағаланады деген үміттемін. Құрметті достар, алдыңғы саммитте Солтүстік Кипр Түрік республикасына байланысты байқаушы мәртебесін алды. Осы тарихи шешім үшін алғыс айтамыз. Кипрлық түріктер оқшауланып қалса да, жалғыз емес екендігін бүкіл әлемге көрсеттік. Біздің міндетіміз – бірлестікте жұмыс жасау", - деді Түркия басшысы.

Ердоғанның айтуы бойынша, кипрлық түріктер – түркі отбасының ажырамас мүшесі.

Ол келесі саммитте Солтүстік Кипр Түрік республикасын байқаушы ел ретінде, ал байқаушы ел мәртебесі бар Түркменстанды толыққанды мүше ретінде көруге ниетті екенін білдірді.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммиті өткізіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу