Ердоған Түркияға төнетін қауіп бар екенін жасырмай айтты

Режеп Тайып Ердоған елдегі сейсмикалық қауіпке баса назар аударып отыр. 

Ердоған Түркияға төнетін қауіп бар екенін жасырмай айтты Фото: Anadolu Agency

Түркияның етек-жеңін жинауына Грекия жағалауындағы жер сілкінісі әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа жолдауында табиғи апатқа дайындықты күшейтуді тапсырды. 

– Соңғы күндері Грекия жағалауында болған жер сілкіністері біздің дайындық жұмыстарымыздың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Жергілікті билік саяси мүддені емес, қалаларды сейсмикалық қауіпке бейімдеу мәселесін басты орынға қоюы керек, – деді ол. 

Түркия президенті Ыстамбұл қаласына ерекше тоқталған. Яғни, ол "қалаларды жер сілкінісіне төзімді ету керек" деп есептейді. 

Бұған дейін Грекиядағы жер сілкінісінен кейін Санторини туристік орнынан жүздеген саяхатшының бой тасалағанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу