Ереуілшілер Бішкек мэриясын басып алды

669

Қазір ғимаратта не болып жатқаны әзірге белгісіз.  

Ереуілшілер Бішкек мэриясын басып алды

Қырғызстанда өткен парламентік сайлау қорытындысына наразы топ ел астанасы Бішкек мэриясының ғимаратын басып алды. Бұл ақпаратты 24.kg басылымына шаһар басшысы Әзиз Сұрақматов хабарлады. 

Әзірге қазір ғимаратта нақты не болып жатқан туралы басқа мәлімет жарияланбады.

Еске сала кетсек, 5 қазанда Бішкектің Ала-Тоо деп аталатын орталығында парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді.

Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті. Содан кейін, яғни түнде ереуілшілер парламент пен Қырғызстан президентінің әкімшілігі орналасқан Ақ үйге баса-көктеп кіріп, артынан Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратына да барып, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан босатты.

Сонымен қатар бас көтергендер жоғары лауазымды экс-шенеуніктерді: Жанторо Сатыбалдиев, Сапар Исақов, Садыр Жапаров, Равшан Джеенбековты да бостандыққа шығарды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу