Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі аппараттық жиналыста көктемдегі су тасқынына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.
Көктемгі кезеңге облыстың дайындық барысы туралы баяндамамен төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев сөйледі.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, 1 қаңтардағы облыс аумағына түскен қар көлемі орташа жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда, нормадан 120-210 пайыз асып кеткен. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов аудан әкімдеріне елді мекендерді су басып қалмауы үшін, бір ай ішінде тас-түйін дайын болуды тапсырды.
"Өткен жылғы тәжірибе бар. Инженерлік және жол-құрылыстық техникамен қамтамасыз ету қажет. Қазір барлығын дайындау қажет, барлық көлікті аудандарға бөліп беру қажет. Қажет қапшықтарды сатып алыңдар, жеткілікті қаражат бөліңдер", – деп тапсырма берді СҚО әкімі.