Еріктілер 26 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеді

390

Оқу кабинеттерін жабдықтауға бөлінген қаржы қайта қаралып, 341 миллион теңге бөлінді.  

Еріктілер 26 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеді Фото: depositphotos.com

Жуырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің еріктілері 26 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдегенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына зерделеу жүргізіп "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан оқу кабинетін жабдықтау бойынша жарияланған конкурстың бағасы жоғары екенін анықтаған.

Зерделеу барысында білім беру мекемелеріндегі ұлдарға және қыздарға арналған физика, биология, химия сияқты оқу кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 367 миллион теңге бөлінген, ал орташа баға 340-345 миллион теңге арасын құрайды.

Осыдан кейін аталған мекемеге тиісті хат жолданып, конкурстың бағасы қайта қаралып 341 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде 26 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу