Ерлан Тұрғымбаев Алматы ІІД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады

926

ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. 

Ерлан Тұрғымбаев Алматы ІІД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Алматы ІІД басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. Тексеріс кезінде жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болғаны белгілі болды. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. Сонымен қатар, БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне баға берілді.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық буындағы тоғыз қызметкерге қатысты тәртіптік жазалау шаралары қабылданды:

– Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев;

– Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;

– Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.

– Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған);

– Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаевқа;

– Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.

– Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.

"Әрбір басшы өзінің қарамағындағыларға жауапты. Ол жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс Алматы қаласының Полиция департаментінде тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылып қалдық, бір қызметкер ауыр дене жарақатын алды. Біздің барлығымыз үшін, әсіресе, туған-туысқандарымыз үшін бұл – үлкен қайғы-қасірет және орны толмас қаза. Сондықтан бұл төтенше жағдайға жол берген басшыларға тиісті шаралар қабылданды. ІІМ басшылығы алдағы уақытта да қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етіп, полиция қызметкерлерінің кез келген тәртіп бұзушылығына принципті баға беріп, жаңа жағдайда жұмы істегісі келмейтін немесе жұмыс істей алмайтын адамдардан өз қатарын тазалайтын болады", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу