Ерлі-зайыптылар көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай орын алды

166

Оқиға кеше, 12 маусым күні болған. 

Ерлі-зайыптылар көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай орын алды Фото: Polisia.kz

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам мерт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күндізгі сағат 14:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Белгілі болғандай, аталған жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу