Ермахан Ыбырайымов екі боксшының алтын алуы мүмкін екенін айтты

1115

1996 жылдан бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді.

Ермахан Ыбырайымов екі боксшының алтын алуы мүмкін екенін айтты Фото: taunews.kz

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Париж Олимпиадасынында сынға түсіп, жартылай финалға шыққан қос боксшы чемпион атанады деп болжам жасады. Бұл туралы ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ермахан Ыбырайымовтың айтуынша, екі алтыннан үмітіміз бар көрінеді.

"1996 жылдан бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді. Токио Олимпиадасын айтпағанда бұған дейінгі сындарда боксшылар чемпион атанды. Парижге тек Қазақстан мен Өзбекстан ғана толық құрамда барды. Алайда екі боксшымыз ғана жартылай финалға жете алды. Десек те, біздің екі алтыннан үмітіміз бар. Соңғы сәтке дейін үміт үзбейміз. Нұрбек Украинаның белгілі боксшысымен шаршы алаңға шығады. Ол спортшы туралы білеміз. Тактика дұрыс қойылса Хижнякты ұтуға болады деп сенемін. Сондай-ақ, әйелдер боксынан Назым Қызайбайдың да чемпион атануға мүмкіндігі бар", – деді Ермахан Ыбырайымов.

Париж Олимпиадасында 80 келіде жартылай финалына шыққан Нұрбек Оралбай финалға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Хижнякпен өзара мықтыны анықтайды. Ал, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытай боксшысы Ву Юмен финал жолдамасын сарапқа салады.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық ерлер құрамасынан 6, әйелдерден 2 боксшы жарысты аяқтап, жүлдесіз қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу