Ермекбаев "Сяншань" форумында сөз сөйледі

1102

Қазақстан Қорғаныс министрінің  Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр.    

Ермекбаев  "Сяншань" форумында сөз сөйледі

Нұрлан Ермекбаев "Сяншань" қауіпсіздік мәселелері бойынша IX  Бейжің форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Форумның пленарлық отырысындағы баяндамасында қорғаныс ведомствосының басшысы қару-жарақ пен жаһандық қауіпсіздікті халықаралық бақылау жүйесіне қатысты ой-пікірімен бөлісті.

"Тәуелсіздік жылдарында еліміз көршілік пен ынтымақтастық белдеуін құрды, Азиядағы сенім шаралары мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрылуына бастама танытты,  ШЫҰ құрылтайшыларының біріне айналды. Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз жолдарын кіріктіру жөніндегі жұмысты біртұтас етіп жалғастыруды қажет деп санаймыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай "бүгін біз өкінішке орай, әртүрлі екіжақты альянстардың, өңірлік және субөңірлік институттардың алуан түрін көріп отырмыз", – деді ол.

Министр ғарышта, Әлемдік мұхит пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналастыруға тыйым салу туралы "Әлем. ХХІ ғасыр" манифестінде атап өтілген Елбасы бастамаларының маңыздылығын, сондай-ақ жаппай жою қаруының жаңа түрлерін құру үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу туралы атап өтті.  

"Өңірлік және жаһандық тұрақтылық көбінесе келісілген іс-қимылдарымызға байланысты болады. Сондықтан бірлескен шешімдерді іздестіру және теріс үрдістер мен қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді тереңдету қажет", – деп Нұрлан Ермекбаев ойын түйіндеді.

Қытайға жұмыс сапары барысында Министр қытайлық әріптесі ҚХР ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фенхэмен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу