14 желтоқсанда Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқи беретін болады. Аязды ауа райына байланысты басқа өңірлерде де мектеп жабық, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Астанада аязды ауа райына байланысты 2023 жылдың 14 желтоқсанында 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылады", - делінген елорда білім басқармасының хабарламасында.
Алматыда да қатты аяз күшіне мініп, мектептерде сабақ болмайтын болды.
"Қатты аязға байланыста Алматыда 2023 жылдың 13-14 желтоқсанында 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылады", - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанға жылжып келген арктикалық антициклонның әсерінен кейбір өңірде сынап бағаны - 44° C-ді көрсетеді.