11 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда, Шымкент қаласында 1-8 сынып оқушылары үйден білім алады.
Атырау және Ақтөбе облыстарында 0-11 сыныптар қашықтан оқиды.
Абай облысының Семей қаласында 1-11 сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн білім алады.
Айта кетсек, Қазгидромет аязға байланысты республиканың бірнеше өңірінде ескерту жариялаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу