Қызылорда қаласында өтетін жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай тақырыптарда ойын ортаға салатыны белгілі бола бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлаған.
– Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.
Бұған дейін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтетінін жазған едік.