Ертең Жамбыл облысында күн 40°С-қа дейін күн ысиды

614

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-100%.  

Ертең Жамбыл облысында күн 40°С-қа дейін күн ысиды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 27 мамырда Жамбыл облысында күн күндіз 40°С-қа дейін ысиды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күшітүнде кей жерлерде15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр.

Өскеменде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Таңертең және күндізсолтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Семей қаласында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде+410С ыстық болады.

Түркістан қаласында күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы 410С ыстық болады.

Қызылорда облысында 44°С ыстықболады.Жел солтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с болады және шаңды жел тұруы мүмкін.

27-28 мамырда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 35-39 градус ыстық болады.

Күндіз 27-29 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38-40 градус қатты ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу