Биылғы алғашқы бес айда Павлодар облысында балалардың қатысуымен 36 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 3 бала көз жұмса, тағы 41 бала түрлі жарақат алды.
"Оқиғалардың 70 пайызында жаяу жүргіншілер кінәлі әрі олар жиі жарақат алады. Соңғы уақытта рулінде жасөспірімдер отырған мотоциклдердің, скутерлердің қатысуымен келеңсіз оқиғалар жиілеп кетті. Балалар өз эмоцияларын басқара алмайды, драйвқа көбірек сүйенеді, жылдамдық режимін сақтай алмайды. Ал мұның соңы ауыр зардаптарға әкеледі", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу