Ертіс өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы павлодарлықтарға қауіп төндірмейді

897

Ертіс өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы павлодарлықтарға қауіп төндірмейді

Ертіс өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы павлодарлықтарға қауіп төндірмейді. Яғни, Семейдегі жағдай қайталанбайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында облыстық ТЖД басшысының орынбасары Абай Темірбаев мәлім етті.  

"Қазіргі уақытта Семей қаласында Ертіс өзенінің деңгейі біртіндеп қалпына келіп жатыр.  Біз әріптестерімізден күн сайын ақпарат алып отырамыз. Ертіс күн санап 1-2 сантиметрге төмендеп келеді. Семейдегі судың көтерілуінің ең жоғары көрсеткіші 417 см-ді құраған. Егер 450 см-ден асса, қауіптенуге болады. Негізі біздің облыста бұл құбылыс көбінесе көктемде орын алады. Ал, Шығыс Қазақстан жақта осындай жағдай болып тұрады. Бұл мұздың астындағы судың қайта бетіне шығуына байланысты орын алады. Сондықтан Павлодар облысын су басу қаупі жоқ", – деді ол.

Айта кету керек, егер де Семейде Ертіс өзені арнасынан  тасып жатса, Павлодар облысына дейін су бір аптаның ішінде жетеді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу