Ертіс суына батып бара жатқан әкесі мен баласы құтқарылды

144

Оларға ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері дереу көмекке жетті.  

Ертіс суына батып бара жатқан әкесі мен баласы құтқарылды Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ертіс өзенінде құтқарушылар ер адам мен баланың суға түсу кезінде ағыспен жағадан алып кете бастағанын байқаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. Олар өздігінен жағаға шыға алмаған.

ТЖМ мәліметінше, Өскемен қаласында "Самал" саябағының ауданында патрульдеу кезінде ТЖД құтқарушылары қайғылы оқиғаның алдын алды.

"ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бауыржан Капитанов құтқарушы шеңберін тастап, 1983 жылы туған әкесі мен 2012 жылы туған ұлын жағалауға шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", – делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу